12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Біз біргеміз!

Әлемде коронавирус дертінің асқынуына орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда төтенше жағдай жариялағаны мәлім. Осыған орай кеше президент телевизиялық үндеу жасады.

Үндеуде не айтылды, төтенше жағдай кезінде халық нені ескеруі керек?

Сақтанғанды Құдай сақтайды

Президент Жарлығына сәйкес төтенше жағдай 16 наурыздан 15 сәуір аралығын қамтиды. Соған орай мемлекеттік комисиия құрылып, оны Премьер-министр басқаратын болды. «Қауіпсіздік шаралары халықтың денсаулығы үшін жасалып отырғанын» жеткізген мемлекет басшысы ірі сауда нысандарының жұмысы шектеліп, азық-түлік дүкендері және базарлардың өз жұмысын жалғастыратынын жеткізді. Сондай-ақ, ойын-сауық орталықтары, кинотеатрлар, театрлар, көрмелер және жұртшылық көп баратын басқа да орындар уақытша жабылады. Оқушылар демалысқа жіберілді. Студенттер қашықтан оқыту жүйесіне көшті.

Шектеу қойылған уақытта отбасылық іс-шараларды өткізбеген жөн. Бұл сауал көпшілік тарапынан жиі қойылғаны жасырын емес. Әсіресе, қызын ұзатып, келін түсіріп, қуанышын елмен бөлісу үшін тойханаларға тапсырып беріп қойған ағайынды төтенше жағдай әрі-сәрі күйге түсіргені шындық. Бірақ президенттің бүгінгі сөзінен кейін той-думанды бір айға шегерген абзал. «Жақсылықтың ерте-кеші жоқ» демей ме?

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының аумағына кіруге және шығуға шектеу қойылады. Бірақ жүк тасымалына кедергі жоқ. Бұл елді қажетті тауарлармен қамтамасыз ету үшін маңызды. Мемлекеттік шекара бойындағы өткізу бекеттерінде, вокзалдар мен әуежайларда санитарлық режим күшейтіледі. Үкімет қорынан дәрі-дәрмек, тест-жүйелерін және зертханаға арналған жабдықтарды алу үшін қаражат бөлінді. Ауруханаларда орын жеткілікті.

«Індетпен күресуге толық мүмкіндігіміз бар. Бұл қиындықты бәріміз бір халық, бір қоғам болып міндетті түрде еңсеріп шығамыз. Бұл – уақытша дүрбелең» деді президент. Осыған орай енгізілген шектеулерге әр азамат жауапкершілікпен қарауы тиіс. Әр адам барынша сақтанып, вирустың таралмауына атсалысуы қажет. Азаматтар өкілетті органдар қызметіне қолғабыс көрсетуі тиіс.

Жағдайды қолдан қиындатпайық!

«Елбасымыздың сарабдал саясатының арқасында бұған қажетті қорымыз қалыптасты. Қаражат бар. Осы орайда, азық-түлік қоры жеткілікті екеніне назар аударғым келеді» деді мемлекет басшысы. Қиындықты қолдан күрделендіріп отырған азаматтарға бұл сабақ болуы тиіс. Әсіресе тауар бағасын аспандатып, ел-жұртты дүрліктіргендерге жауапкершілік барын түсінуіміз керек. Жалған ақпарат таратып, дүрбелең туғызатындар заңға сәйкес жауапқа тартылады. Мұндай сын сәтте бұқаралық ақпарат құралдарының да сенімсіз мәліметтермен бөлісіп, ұпай түгендемегені абзал. Өйткені, ел басына күн туған шақта бір мақсатқа бірігіп, кеселді бірігіп жеңген тиімді.

Әркім жеке басының жауаптылығын сезінуі шарт. Ауру белгілері байқалса, кейінге қалдырмай тексерілген дұрыс. Себебі бір адамның жайбасарлығы мен жауапсыздығынан көпшілік зардап шекпеуі керек. Әрі медициналық тексеруден бас тартып, жұқпалы аурудың таралуына қолдан түрткі болғандар жазаға тартылады. Бұл күндері медицина қызметкерлеріне үлкен жүктемемен, жоғары қауіпсіздік жағдайында жұмыс істеуіне тура келеді. Сондықтан дәрігерлер қызметіне түсіністікпен қарап, мүмкіндігінше қолдау көрсету маңызды.

Қаржы бар!

Мемлекет басшысы қаржылық дағдарысқа қатысты да пікірін білдірді. Қазақстанның дағдарыстан сырт қалмайтынын айтқан Тоқаев «экономикалық қиындықтардың алдын алып, әлеуметтік шиеліністің туындауына, жұмыссыздықтың артуына жол бермейміз» деді.

Осы уақытқа дейін тәуелсіз елде жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде мемлекеттің халықаралық қоры 90 млрд долларға жеткен. Бұл қаржы мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерін орындап, экономикадағы тұрақтылықты сақтаудың кепілі болмақ. Соған сәйкес отандық кәсіпкерлерді қолдау мен жаңа жұмыс орындарын ашуға 300 млрд теңге бағытталып отыр. Бизнеске несие беру көрсеткіші төмендемейді. Ал ішкі нарық пен өндіріс өнімін арттыру үшін арнайы қаржылық бағдарлама енгізіледі.

Мемлекет басшысы өз үндеуінің соңын «Біз – тарихымызда небір қиындықты бастан өткерген халықпыз. Сол сынақтардан, ең алдымен, береке-бірліктің арқасында сүрінбей өттік. Бүкіл халықты жұдырықтай жұмылуға, сабыр сақтауға шақырамын. Бұл күрделі жағдайды бәріміз бірге еңсереміз деп сенемін! Халқымыз аман, жұртымыз тыныш болсын! Біз біргеміз!» деген сөздермен қорытты.

«Бірлігі бекем елдің белін ешкім сындырмас» демей ме бабаларымыз. Сол айтпақшы, бұл күндер де өтер. Ендеше, қандай қиындық болса да бірігіп жеңуді, кеселден шығынсыз шығуды нәсіп етсін.

Н.Шынтаев

 

 

Тоқаев су тасқыны жағдайына байланысты маңызды мәлімдеме жасады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы су тасқыны жағдайына байланысты маңызды мәлімдеме жасады.

Ең бастысы, адам өмірін барынша сақтап қалдық — Тоқаев су тасқыны туралы

Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына тап болған қазақстандықтар тағы да бірлік пен ынтымақ рухын көрсеткенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының отырысын өткізіп жатыр

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясы отырысы басталды.

Көлік нөмірін кімге рәсімдеуге рұқсат етіледі? ІІМ мәліметі

ІІМ-де көлік құралын тіркеу және жүргізушілерді даярлау қағидаларына енгізілген түзетулер туралы айтылды.

Бишімбаев ісі бойынша сот тергеуі аяқталды: ары қарай не болады?

Астана соты Бишімбаевқа қатысты сот тергеуін аяқтады. Келесі кезең - сот жарыссөзі.