2019 жылы 9 маусымда өтетін кезектен тыс президент сайлауында Сенат спикері Дариға Назарбаева өз кандидатурасын ұсынуды жоспарлап отырған жоқ. Бұл туралы Назарбаеваның көмекшісі Сәуле Мұстафаева мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
“Жоқ, Дариға Назарбаева өз кандидатурасын ұсынбайды”, – деді Мұстафаева телефон арқылы. Бүгін, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс президент сайлауы 9 маусымда өтетінін мәлімдеді.
Комментарий