Елең еткізер | АктуальноҚоғам | Общество

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 27-ге жетті

Нұр-Сұлтанда коронавирусты жұқтырудың 14 жаңа оқиғасы тіркелді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов брифингте мәлімдеді.

“Бүгін сіздерге Алматы қаласындағы қосымша 3 коронавирус жағдайы тіркелгенін жеткіздік. Қазіргі уақытта қосымша Нұр-Сұлтанда 14 жаңа науқас тіркелді. Бұл науқастар тәртіп бойынша карантинге жатқызылып, байланыс жасаған азаматтармен бірге жұмыс жасалды. Барлық байланыстағы адамдар анықталуда”, – деді Денсаулық сақтау министрі.

  • Айта кетсек, Қазақстанда коронавирустың осымен 27 жағдайы тіркелді. Вирус Алматыда 11 және Нұр-Cұлтанда 16 адамнан анықталды.
  • Сондай-ақ, Қазақстанның коронавирус жұқтырған бір азаматы Германияда карантинде жатыр. Денсаулық сақтау министрлігі тек ел аумағындағы науқастардың тізімін жасағандықтан, он адамды ғана есепке алып отыр.
  • Естеріңізге сала кетсек, Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасының барлық аумағында 2020 жылғы 16 наурыз 08 сағат 00 минут пен 2020 жылғы 15 сәуір 07 сағат 00 минут аралығында төтенше жағдай енгізілді. Сондай-ақ Қазақстан азаматтарына 15 сәуірге дейін ел аумағынан шығуға тыйым салынды.
  • Тоқаевтың айтуынша, төтенше жағдай режимі қажет болған жағдайда ұзартылуы мүмкін.

Комментарий