Құқық | ПравоҚұқықтық кеңес | Юридическая консультация

БАЛАБАҚШАҒА БАРМАҒАН БАЛАЛАРДЫҢ ОРНЫ САҚТАЛА МА

Мектепке дейінгі барлық ұйымдарға бармаған балалардың орны сақталады. Қазіргі таңда мектепке дейінгі білім беру ұйымдары штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Балаларға ата-анасының немесе заңды өкілдерінің қалауы бойынша баруға болады. Дегенмен, министрлік ата-аналарға, мүмкіндік болса, балаларды үйде қалдыруға кеңес береді. Айта кету керек, жергілікті атқарушы органдар жағдайға байланысты балабақшалардың қызметін тоқтату жөнінде шешім қабылдай алады. Мектепке дейінгі ұйымдарда балалар болмаған жағдайда олардың орындарының сақталуы қамтамасыз етіледі.

Комментарий