Елең еткізер | АктуальноҚоғам | Общество

Карантинге байланысты кәсіпкерлерге несиелік демалыс беріле ме?

 

ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Жаслан Мәдиев мәжілісте “елде коронавирус салдарынан төтенше жағдай енгізілген кезеңде бизнесті қолдау шаралары қарастырыла ма?” деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайдыzakon.kz.

“Үкімет шағын және орта бизнесті қосымша қолдау шаралары бойынша жұмыс жүргізуде. Президент сондай тапсырма берді. Қандай шаралар ұсынылғаны алдағы уақытта хабарланады. Қазір олар пысықталуда”, – деді Мәдиев.

Сонымен бірге спикерге кәсіпкерлерге арналған несиелік демалыс туралы сұрақ қойылды, бірақ вице-министр тікелей жауаптан жалтарып кетті.

“Қазір қалыптасқан күрделі жағдайды жеңілдету үшін бірқатар шаралар қарастырылуда”, – деп қайталай салды ол.

Оның айтуынша, келтірілген залалды анықтау үшін “қазір барлық есептеулер жүргізіліп, тиісті шаралар әзірленуде”.

“Төтенше жағдай бүгін ғана енгізілді”, – деп еске салды вице-министр.

Комментарий