Экономика

Тоқаев: Азық түліктің қымбаттауына жол берілмейді

16 наурыздан бастап Қазақстанда төтенше жағдай жарияланды. Ол 2020 жылдың 15 сәуіріне дейін жалғасады

Коронавирусқа байланысты жарияланған төтенше жағдай кезеңінде азық-түліктің негізсіз қымбаттауына жол берілмейді. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев мәлімдеді

“Осы орайда азық-түлік қоры жеткілікті екеніне назар аударғым келеді. Күнделікті тұтынатын тауар бағасын негізсіз қымбаттатуға жол берілмейді”, – деді Тоқаев телеарна арқылы жасаған үндеуінде.

Президент үкімет экономикалық жағдайды басты назарда ұстайынын атап өтті.

“Мемлекет барлық әлеуметтік міндеттемесін орындайды. Елбасының сарабдал саясатының арқасында бұған қажетті қорымыз қалыптасты. Қаражат бар”, – деді ол.

Комментарий