Елең еткізер | АктуальноҚоғам | Общество

Қапшағайда металға өткізген снаряд жарылып, бір адам қаза тапты

Металл қабылдау пунктіне металл сынықтарын үш жігіт алып келген. Ал олардың арасында әуеснаряды болған.

Қапшағайдағы металл сынықтарын қабылдау пунктінде жарылыс болды. Белгілі болғандай, оқиғадан бір адам көз жұмған, деп хабарлайды Zanmedia.kz сайты  Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше, металл қабылдау пунктіне металл сынықтарын үш жігіт алып келген. Ал олардың арасында әуеснаряды болған. Болжам бойынша, жарылыс сол снарядтың салдарынан орын алған.

Металл сынықтарын өткізген адамдар да, қабылдау пунктінің иесі де ұсталды. Ал ведомствода снарядтың оқу полигоны аумағынан заңсыз шығарылуы мүмкін екені атап өтілді. Оқу-жаттығулардан кейін полигон аумағы тазартылады, бірақ, жекелеген снарядтар мен сынықтар жерде қалуы мүмкін.

Аталған факті бойынша тексеріс жүргізілуде.

Комментарий