Әлемде | В мире

Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар саны 4-ке жетті

Өзбекстанда тағы 3 адамнан коронавирус табылды. Елде науқастар саны төртке жетті, деп хабарлайды ӨзА агенттігі.

Кеше 15 наурыз күні Өзбекстанның Вирусология ғылыми зерттеу институтында 11 наурыз күні Франциядан келген Өзбекстан азаматынан COVID-19 коронавирусы табылған болатын. Елдің денсаулық сақтау министрлігі науқастың ұлы мен қызына да вирус жұққанын растады.

Сондай-ақ 15 наурыз күні «Uzbekistan airways» әуе компаниясының Ыстанбұл-Ташкент бағытындағы 274-рейсімен келген Өзбекстан азаматынан да жаңа коронавирус инфекциясы табылды.

Комментарий