Қоғам | Общество

Мәдениет министрі: Түнгі клубтарда шаралар өткізуге тыйым салынады

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова коронавирус инфекциясының таралу қаупі аясында еліміздегі мейрамханалар мен ойын-сауық орталықтары қалай жұмыс істейтінін айтып берді.

«Жедел әрекет ету штабында айтылған кеңестерді тыңдап, ұсыныстарды жүзеге асыру мақсатында бас санитарлық дәрігердің кеңесі бойынша адамдар көп жиналатын шаралардан бас тарта тұрған жөн. Қандай жағдай болмасын санитарлық-дезинфекциялық шаралар орындалып, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек», – деді министр.

Сонымен қатар, Ақтоты Райымқұлова түнгі клубтарда да шараларды өткізуге тыйым салынатынын жеткізді.

«Жоғарыда аталған ұсыныстар негізінде 13 наурызда халық көп жиналатын бұқаралық шараларды өткізуге тыйым салынды. Айтылып отырған ұйымдар, түнгі клубтар – бұл регламентке кіреді. Сол себепті мұндай мекемелерде шараларды өткізуге тыйым салынғанын атап өткім келеді», – деді ол.

Комментарий