Елең еткізер | АктуальноҚоғам | Общество

Бүгін елімізде тағы екі коронавируспен ауыратын науқас анықталды

Жалпы, бүгінде елімізде коронавирус бойынша 6 жағдай тіркелді.

Қазақстанда коронавирустық инфекцияның тағы екі дерегі тіркелді, деп хабарлайды Zanmedia.kz zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Біреуі – Алматыда, екіншісі – Нұр-Сұлтанда.

“Коронавирустық инфекцияның тағы бір жағдайы Алматы қаласында анықталды. Ол 1958 жылғы ер адам, жеке кәсіпкер, 10 наурызда Мәскеуден Алматыға ұшып келген. Тағы бір науқас – әйел адам. Ол Варшавадан Нұр-Сұлтанға ұшып келген, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.
Жалпы, бүгінде елімізде коронавирус бойынша 6 жағдай тіркелді.

13 наурызда Денсаулық сақтау министрлігі Германия мен Италиядан келген төрт адамнан коронавирус анықталғанын жариялады.

Комментарий