Бес елдің Үкімет басшылары Алматыда кездеседі |
Бас тақырып | Тема дняЖаңалықтар | НовостиСаясат | Политика

Бес елдің Үкімет басшылары Алматыда кездеседі

«Сонымен қатар 2019 жылға арналған дәстүрлі екіжақты және көпжақты күнтәртібіміз де  жеткілікті. Мемлекет басшылары деңгейінде алдын ала бағалауға сәйкес 7 шара, Сыртқы істер министрлері деңгейінде шамамен 12 шара өтетіндігі күтіледі. Осы аптада, 1 ақпанда Алматыда біздің елдеріміздің Үкімет басшылары Еуразиялық үкімтаралық кеңестің отырысына қатысады», — деді ҚР Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов ресейлік әріптесі Сергей Лавровпен келіссөздер барысында.

Сонымен қатар ҚР Сыртқы істер министрі 29 мамырда Астанада Мемлекет басшылары деңгейінде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес өткізу жоспарланғанын айтты. Мұнан бөлек, күзде Омбыда Мемлекет басшыларының қатысуымен ҚР мен РФ өңіраралық ынтымақтастығының 16-форумын, сонымен қатар ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 21-отырысын өткізу көзделіп отыр. Ал Сергей Лавров қазақстандық әріптесін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2017-2018 жылдардағы тұрақты емес мүшесі ретінде табысты жұмыс атқаруымен құттықтады.

«Достарымыздың Сирия жөніндегі жоғары деңгейдегі халықаралық кездесуге жәрдемі де өте бағалы болды. Мұндай кезекті кездесу келесі айдың ортасында Астанада өтетіндігі жоспарланған. Сонымен бірге Қазақстанның Ақтау қаласында Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияның 20 жылдық келіссөздерден кейін қол қойылуымен құттықтаймын. Бүгін екі сыртқы саясат ведомствосы арасындағы таяу 2 жылға арналған ынтымақтастық жөніндегі шаралар жоспарына қол қоямыз», — деп атап өтті ол. ҚР СІМ деректеріне сәйкес, Қазақстан мен Ресейдің өзара тауар айналымы қаңтар-қараша аралығында 15,7 млрд долларға жетті. Бұл 2017 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 6 пайызға көп.

Комментарий

Pin It on Pinterest