Елең еткізер | АктуальноҚоғам | Общество

Біртанов: Германиядан келген екі қазақстандықтан коронавирус табылды

13 наурызда денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Германиядан келген екі қазақстандықтан (бір әйел, бір ер адам) коронавирус табылды, олар стационарға жатқызылды деп мәлімдеді. Бұл туралы .azattyq.org хабарлады.

 

– Олар Алматыда стационарға жатқызылды. Клиникалық белгілері жоқ, халі жақсы. Қажетті шаралардың барлығы қабылданып жатыр, – деді Елжан Біртанов.

Министрдің айтуынша, олар 9 және 12 наурызда екі түрлі ұшақпен ұшып келген. Бір ұшақта болған 12 адамның барлығы карантинге жіберілді деді.

Комментарий