Қоғам | Общество

Коронавирус: Мектептер 16 наурыздан бастап демалысқа кетеді

Вице-премьер Ералы Тоғжанов мектептердің Қазақстан бойынша 16 наурыздан демалысқа кететінін айтты.

13 наурыздан бастап, мерейтойларға тыйым салынды. Оқушылар демалысы 16 наурызда басталып, 5 сәуірге дейін жалғасады.

Алайда балабақшалар өзжұмысын жалғастырады. Егер коронавирус елде тіркелсе, балабақшалар да жұмысын тоқтатады.

ЖОО мен колледждердің студенттері 15 наурыздан бастап онлайн оқу режисіне көшеді.

Және де қоғамдық көліктерде дезинфекция жүргізіліп отыратын болады.

Базарлар мен сауда орталықтары жұмыс жасай береді. Бірақ кинотеатрлар жабылады.

«Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелде оқып жатқан 857 отандасымыз бар. Олардың 19-ы коронавирустың 1-категориялы елінде.

Наурыз мерекесі де үлкен тойға ұласпайды. Қауіпсіздік мақсатында көп адам жиналатын мерекелерден бас тартуды өтінеміз.

 

 

Комментарий