Қоғам | Общество

Коронавирус Алматыға келді ме: Әкімдік жауабы

Алматы әкімдігі әлеуметтік желілерде таратылған жалған хабарламаларға қатысты түсінік берді.

«Әлеуметтік желілерде таратылатын ақпараттың шындыққа жанаспайтындығын ресми түрде хабарлаймыз. Бұл хабарламалар жалған. Сонымен бірге, қала COVID-2019 коронавирустық инфекциясының таралуына қарсы белсенді жұмыс істеп жатқандығын және оқиғаларды дамытудың түрлі нұсқалары қарастырылып жатқандығын хабарлаймыз. Қазіргі кезде мегаполистегі жағдай тұрақты деп ресми түрде мәлімдейміз. Коронавирус тіркелген жоқ », – деп жазды әкімнің баспасөз хатшысы Әсет Мұқажанов Instagram-да.

Ол азаматтарды ресми дереккөздердегі ақпаратты пайдалануға шақырды. Анықтама үшін 1406 Call-орталығы тәулік бойы жұмыс істейді.

«Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі ағымдағы жағдай туралы үнемі хабарлайтын болады. Алматыда коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі аймақтық штаб жұмыс істейді. Күшейтілген санитарлық-карантиндік бақылау шаралары жүзеге асырылуда. Қаладағы жағдай бақылауда », – деді ол.

Комментарий