Әлемде | В мире

Денсаулық сақтау министрінің орынбасары коронавирус жұқтырды

Ол көмек пен кеңес бергені үшін қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасы мен Ұлттық денсаулық сақтау қызметіне алғыс білдірді.

Ұлыбританияда денсаулық сақтау министрінің науқастардың қауіпсіздігі мәселесі жөніндегі орынбасары Надин Доррис коронавирус жұқтырғанын жариялады.

“Менің коронавирусқа тапсырған сынамаларым вирус жұқтырғанымды растады. Мұны естіген соң бірден шара қолдандым. Қазір үйдемін”, – деді Доррис.

“Ол – коронавирус жұқтырған Ұлыбританиядағы алғашқы парламентарий. Дорристің айтуынша, Англияның қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасы министр орынбасарының соңғы уақытта кіммен араласқанын жіті зерттей бастады”, – деп жазды РИА Новости.

Доррис көмек пен кеңес қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасы мен Ұлттық денсаулық сақтау қызметіне бергені үшін алғыс білдірді. Бұқаралық ақпарат құралдарының ақпаратына сәйкес, Доррис бейсенбі күні британия премьерінің қабылдауына барған. Келесі күні өзін жайсыз сезінді.

Ұлыбританияда коронавирусқа шалдыққандар саны бір тәулікте 54 адамға артты. Барлығы 373 адам, алты адам көз жұмды.

Комментарий