Қоғам | Общество

Аналарға құрмет көрсетілді

        «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Алматы қаласы бойынша филиалында халыққа мінсіз қызмет көрсете жүріп, отбасында бес баладан көп перзент өсіріп, тəрбиелеп отырған 53 көп балалы ана бар.

Әйелдердің халықаралық мерекесіне орай филиалда еліміздің демографиясына үлес қосып жүрген аналар мен елеулі табыстарға қол жеткізіп жүрген қыз-келіншектерге құрмет көрсетілді.

 

Филиал директоры Данияр Қырықбаев жиналған аналар мен аруларды көктем мерекесімен құттықтап, алғыс хаттар мен кəсіподақ ұйымы тарапынан дайындалған сыйлықтарды табыс етті.

– Мен 2008 жылдан бері осы салада еңбек етемін. Содан бері сүйікті ұжымым менің екінші үйіме айналды. Балаларым да менің жұмыс орнымды жақсы біледі. Себебі, филиал біздің балаларымызға да үнемі мерекелер жасап, түрлі байқаулар ұйымдастырып, сыйлықтар беріп тұрады. Мереке қарсаңында бізге де құрмет көрсетіп жатыр. Ұжымның кәсіподақ ұйымына алғысымыз шексіз, – дейді бес баланың анасы, мамандандырылған ХҚО қызметкері Қарлығаш Ерғараева.

Сонымен қатар 20-ға жуық үздік қызметкер Құрмет грамоталарымен жəне «Кәсіподақ қызметінің дамуына қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

Айгүл АХМЕТОВА,

«Заң газеті»

Комментарий