Елең еткізер | АктуальноҚұқық | Право

Бүгіннен бастап мас жүргізушілер 10 жылға сотталатын заң күшіне енеді

Бүгіннен бастап Қазақстан Республикасы аумағында көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Қылмыстың осы түріне қатысты қатаң заң жобасына ҚР президенті қол қойды.

«Қоғамда қызу пікірталас тудыратын өзекті мәселелердің бірі – мас күйінде көлік жүргізу. Президент бұл мәселеде жауапкершілікті күшейтуді тапсырған. Ол заң бұзушыларды түрмеге отырғызып, айыппұл салып, көлік жүргізу құқығынан өмір бойына айыру керек деді. Өкінішке орай, елімізде жыл сайын мас күйінде көлік жүргізген 30 мыңнан астам жағдай тіркеледі», – деді Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. Оның айтуынша, мас жүргізушілердің кесірінен болған жол апатынан 2019 жылы 1000-нан астам азамат жарақат алған немесе қайтыс болған.

Бұған дейінгі заңда жол ережесін бұзған автокөлік иесі (алкогольдік масаңдық немесе масаңдық) жол ережесін бұзған жағдайда қай деңгейде мас болғандығы заң жүзінде ешбір дәрежеде көрсетілмейтін еді. Бірақ ендігі жаңа заң бойынша қаннан алкоголь құрамы табылса, онда ол бірден ауыр қылмыс санатына жатқызылады, татуласуға мүмкіндік берілмейді, 7 жылдан 10 жылға дейін өмір бойына бас бостандығынан айырылады, жүргізуші куәлігінен өмір бойына айырылады (ҚК 345-1 бабы).

«Егер азамат белгілі бір мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылып, кейін оны алған соң қайтадан ұсталып, көліктің рөліне мас күйінде отырғаны белгілі болса, онда көлік жүргізу құқығынан өмір бойына айырылады», – деді Марат Ахметжанов.

Комментарий