Құқық | Право

Тілсіз балаларды ұрып, жазадан құтылды

Атырауда арнайы мектеп-интернатта мүгедек-балаларды ұрып соққан тәрбиешілер жазаға тартылмайтын болды. Бұл туралы ATPress.kz-ке сілтеме жасап Zanmedia.kz сайты хабарлайды.

2019 жылы қаңтар-ақпан айларында мүгедек балаларды ұрып-соқты деген күдікке осы интернаттың бес қызметкері ілінген. Полиция сотқа дейінгі тергеуді бастаған. Соттық-медициналық сараптама «екі бала жеңіл жарақат алды» деген қорытынды жасаған. Қалған алты баланың жарақаты табылмаған. Осы уақыт ішінде жарақат жазылып кеткен. Мүгедек балалар тілінде кемістік болғандықтан, мән-жайды түсіндіріп айтып бере алмаған. Бұл тергеу барысына қиындық тудырған-мыс, бейнежазбалар жеткіліксіз болыпты. Бірақ күдікті тәрбиешілер жұмыстан шығарылған көрінеді.

Комментарий