Қоғам | Общество

Сәуірден бастап пойыздардың кестесіне өзгерістер енгізіледі

“Жолаушылар тасымалы” АҚ жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесіне кейбір өзгерістер енгізеді, деп хабарлады ведомство  сайты. 

Сәуірдің бірінен бастап “Тұлпар-Тальго” вагондарынан тұратын, күн ара қатынайтын, Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол стансасынан тақ күндері жөнелтілетін жаңа №19/20 “Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол-Атырау” жолаушылар пойызы тағайындалады;

3 сәуірден бастап №54/53 “Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол-Достық” бағытындағы  жолаушылар пойызының қатынау жиілігі аптасына 2 ретке (1 рет орнына) көбейтіліп, Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол стансасынан жұма және дүйсенбі күндері жөнелтілетін болады;

№701/702 “Алматы-2-Нұр-Сұлтан Нұрлы жол” бағытындағы “Тұлпар-Тальго” вагондарынан тұратын жолаушылар пойызына қосымша ретінде Алматы-2 стансасынан 2020 жылғы 25, 26, 27, 28, 29, 30 наурызда, ал  Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол стансасынан 2020 жылғы 26, 27, 28, 29, 30, 31 наурызда жөнелтілетін 6 рейс іске қосылады;

1 сәуірден бастап №321/322 “Алматы-2-Нүкіс” бағытындағы жолаушылар пойызының маршруты Сарыағаш стансасына дейін қысқартылады және Алматы-2 стансасынан тақ күндері  жөнелтіліп, күн ара (аптасына 1 рет орнына) қатынайтын болады;

2 сәуірден бастап №309/310 “Маңғыстау-Ақтөбе” бағытындағы жолаушылар пойызының (тасымалдаушы “Otpan Logistic” ЖШС) және №648/647 “Мискен-Бейнеу” бағытындағы (Өзбек темір жолы құрастырған) жолаушылар пойызының құрамында “Маңғыстау-Нүкіс-Маңғыстау” бағытында тікелей қатынайтын вагондар қатынастан алынып тасталады;

1 сәуірден бастап №393/394 “Алматы-2-Алтынкөл” бағытындағы және №91/92 “Нұр-Сұлтан Нұрлы жол-Қызылорда” бағытындағы жолаушылар пойыздары қатынастан алынып тасталады;

№705/706 “Алматы-2-Петропавл” бағытындағы жолаушылар пойызының қатынасы мына күндері: Алматыдан-2 стансасынан 2020 жылғы  25, 26, 27, 28, 29, 30 наурызда, ал Петропавлдан 2020 жылғы 26, 27, 28, 29, 30, 31 наурызда уақытша тоқтатылады.

Комментарий