Қоғам | Общество

БҚО-да пойыз аударылды

Батыс Қазақстан облысында дән тиелген бес вагон аударылып қалды, деп хабарлады ТЖ департаментінің баспасөз қызметі.

Түскен мәліметке қарағанда, оқиға кеше сағат 23.20-да Бөкей ордасы ауданы Сайқын стансысында болды.

«Ресей темір жолдары» ААҚ Приволжье темір жолы филиалының 1219-шақырымында Саратов-Астрахан бағытында қатынайтын №10518 жүк пойызының бес вагоны жолдан шығып қалған.

Ешкім зардап шеккен жоқ.

Апаттың орын алуына байланысты жолаушылар және жүк пойыздары басқа жолмен қатынайтын болады.

Апатты жоюға «Ресей темір жолдары» ААҚ күштері (36 қызметкер мен Палласов пен Басқұншақ стансаларынан 2 қалпына келтіру пойыздары келді) жұмылдырылды.

Оқиға орнына БҚО ТЖ департаменті (4 қызметкер, 1 техника), аудандық полиция бөлімі (6 қызметкер, 3 техника), жергілікті атқарушы органдар (5 қызметкер, 2 техника) барды.

Комментарий