Әлемде | В мире

Өзбек президенті сотталған 83 әйелге рақымшылық етті

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев «Әйелдердің Халықаралық күніне байланысты бас бостандығынан айырылған бір топ сотталған әйелге рақымшылық жасау туралы» қаулыға қол қойды.

Президенттің бастамасымен арнайы жұмыс тобы сотталғандардың жеке істерімен танысқан және әрқайсымен сөйлесіп шыққан.
Нәтижесінде комиссия түрмеде отырған 83 әйелге рақымшылық жасау туралы шешім қабылдады. Кешірім алғандардың ішінде 7 шетел азаматшасы бар.
12 әйел жазасын өтеуден толық босатылады, 29-ы шартты мерзіммен еркіндікке шығады, 17 әйелге тағайындалған жаза жеңіл түріне алмастырылады. Оның нәтижесінде 58 әйел жақын күнде түрмеден босап шығады, қалған 25 әйелдің жаза мерзімі қысқарады.

Комментарий