Тағдыр | Судьба

Анасы бар, тірі жетім

Анасы бар, бірақ тірі жетім. Айғаным есімді 16 жастағы ару  анасын бір көруге зар. Айтуынша туған анасы керек етпей төркініне тастап кетіпті. Ол тіпті туған әкесінің кім екенін де білмейді. Туыстары тексіз деп айып тағып, таяқтайды екен. Бұл туралы “Астарлы ақиқат” бағдарламасында айтылды деп хабарлайды Zanmedia.kz.

Айғаным есімді ару туыстарының есігін сығалап, қорлықпен күн көріп жүрген көрінеді. Өз нанын өзі тауып жеп жүрген қыз, 20 мыңдық шәкіртақысымен пәтерге де, күнделікті ас-дәміне жеткізіп келген. Күндіз оқуға барса, түнде кафеде даяшы болып жұмыс істейді екен.  – Менің ең бірінші анама қояр сұрақтарым бар, өзімнің және туған әкемнің кім екенін білгім келеді. Мені нағашы атам мен нағашы апам бақты бесінші сыныпқа дейін. Ес білгеннен атам мен апамды көріп өстім. Бесінші сыныпта ол кісілер қайтыс болды. Мен одан кейін мамама бардым. Өгей әкем екінші күйеуі болғаннан кейін мені сыйдыртпады сол үйге. Түртпектеп, тиісіп, сен жетімсің деген сияқты сондай айтатын”, – дейді Айғаным Тоқмұқанбедова.

Анасының ес білгелі көрмеген ол, анасы қалада, жақын маңда жүрсе де қызының жағдайын біліп кету үшін, өз үйіне мүлдем ат басын бұрмаған көрінеді. Өгей әкесімен Алматы облысы, Кеген ауданында қойшыауылда мал бағатын көрінеді.  – Қызымды былтыр көрдім, биыл көргем жоқ. Қалаға барғалы азық-түлік ештеңе жіберген емеспін. Не айтамын оған. Айғаным енді тыныш жүр. Не істеп жүрсің өзі? Неғып жүрсің? Не ішіп, не жүргенде өзі білсін. Бәріне өзі кінәлі, – дейді анасы Анар Тоқмұханбедова.

– Оның әкесін айта алмайды екенмін. Тірі оның әкесі, айта алмаймын бірақ, – дейді анасы.  Ал, Айғанымды жақындағы туысы, жанындағы анасы емес, алыстағы бөтен Ақылай Нұрғазиева есімді әже өз қамқорлығына алған.  – Өзімнің немеремдей көрдім. Осындай жылап жатөан қызға кімнің жаны ашымайды. Аналық жүрегім осы қызға ауырады, әлі де қиналамын, қалай жүр екен? Қазір мен 72-демін. Ауырып жатқан жерінен өзімнің қолыма алдым. Өзімнің мақұлдығымен алдым. Оқытайын. 11 сыныпты бітірсін дедім рас па? Сол бір жылдың ішінде сыртта тұрып естіп жатырмын, бұл қаңғып ған қыз дейді. Бұл қыз тіпті киноға да сұранып көрмеген. Мектептің дискотекасына сұранып көрген жоқ. Сабағын жақсы оқыды. Қолынан бәрі келеді. Бұл қызға “Мен кіммін? Сен кімсің?” айналайын, – дейді әжесі Ақылай.

Бағдарламаның басында Айғанымның анасы қызының әкесін Рысбек есімді азамат, яғни өзінің бірінші күйеуі деп айтқан болатын. Алайда, бағдарлама соңында Рысбек есімді азамат Айғаным оның қызы еместігін 100 пайыз сеніммен айта алатындығын жеткізді. Бірнеше күндер бұрын жүргізілген ДНК сараптамасының нәтижесі Айғанымның әкесі Саят есімді азамат екендігін көрсетіп берді.

Комментарий