Шоу бизнес

Жасарған образдағы Нұрғали Нүсіпжановты жұртшылық танымай қалды

Отандық белгілі әнші Мақпал Жүнісова Instagram парақшасында Нұрғали Нүсіпжановпен түскен суретімен бөлісті. Қос өнер адамының фотосы бірден желідегілердің қызу талқысына түскен. Алайда, көпшіліктің назары 83 жастағы әншіде болды. Олар қатты жасарып кеткен өнер иесін танымай қалған.

Мақпал Жүнісова өзімен бір сахнаны бөлісіп жүрген әріптесімен түскен суретін Instagram парақшасында жариялаған.

Желі қолданушылары бірден Нұрғали Нүсіпжановты және оның образын қызу талқыға салды. Олар өткен жылы өзінен 45 жас кіші журналистке үйленген эстрада өкілінің жасарып шыға келгеніне қатты таңғалған.

– “Нұрғали ағамызға үйленген жаққан сияқты, жасарып кетіпті” , “Ағамыз жасарып алған” , “Нұрғали аға ерекше талант иесі ғой. Қалай жасарып кеткен? Шынымды айтсам, танымай қалдым” , “Ағаның образы тамаша әрі ерекше” , “Нұрғали аға шашын қатырыпты, жасарып кеткен” , “Ағамыз күннен күнге жасарып бара жатыр. Махаббаттың арқасы болар” , “Нұрғали аға шаш қою үлгісін өзгерткен” , “Нұрекең жасарып кетіпті , жақсы энергия , тоқ көңіл адамды қартайтпайды” , – деп жазуда желі қолданушылары.

О

Комментарий