Психология – сұмдық ғылым. Егер ол саясаткердің қолына түссе, үйінде жатқан адамның ұрығын бұзатын қару!
Не себепті жоғарыдан қызтекелерге қолдау көрсетілетінін енді сезген шығарсыздар? Он екі мүшең сау, қол-аяғың балғадай болсаң да, еліңді сүйіп, мемлекетіңнің дамуына үлес қоссаң да.., сен көгілдірлердің жанында көк тиын құны жоқ бос сүлдерсің!
“Елім” деген сайын – езілесің, “Жерім” деген сайын – жаншыласың. Еңбегін сатқан емес, емшегін сатқан, мауығып жатқан пәтшағар мен жезөкшенің бәсі биік. Әділетті талап еткенді жиіркенішті етіп көрсетіп, бір-бірімен зыналасқан көгілдірлердің құқығын заңмен қорғайды.., оның атын – әлеуметтік психология дейді.
Әлемде өз жерінде отырып өзгенің құлы болған ұлттар жойылған.., соны біле тұрып, көре тұрып, селт етпеу – әлгі психологияның жемісі.
Бодандықтағы бұйрат-жақұтта бар намыс, тәуелсіз отырған қазақта жоқ. Неге? Өйткені, қолындағы қызын көз алдында қытай алып кетіп зорлайды, төріндегі ұлын тентіреп келген тағы бір жатжерлік есігінің алдында бауыздайды. Бас көтерсең – сотталасың! Айтсаң – айыпталасың!..
Психологияның тағы бір ескере бермейтін қыры – бір ұлтқа немесе пендеге жаның аши-аши, ақыр соңында оны жек көріп кетесің. “Өзі кінәлі!” дейсің. “Өзінен де бар!” дейсің.., өйткені, психологияның заңдылығы солай. Құлға құлдың жаны ашыса, қорғаса, қолдаса – азаттық алар еді.., бірақ психология оған жібермейді…
Психологияның пайдалы да бағыттары бар! Оны ешбір мемлекет, ешбір диктатор қолданған да, қолдаған да емес!
Өзгерейік, Қазақтар! Бір-бірімізді жауға бермейік! Дін де, тіл де, ру да, басқа да Қазақты біріктіре алмайды! Қазақты тек Қазақ боп қолдап, Қазақ боп қорғағанда ғана – өмір өзгереді.
“ЕЛІМ ҮШІН, ЖЕРІМ ҮШІН.., ӘР ҚАЗАҚ ҮШІН – ЖАНЫМ ҚҰРБАН!”
…десек, біздің ұлттық психологиямыз өзгереді. Егер Ел боламыз, Тәуелсіз боламыз десек.., тез ес жиып, жедел түлеуіміз керек!
ҰЛТЫМ ҮШІН СЕНІ ЖАЛҒЫЗ ТАСТАМАЙМЫН! МЕН СЕНІМЕН БІРГЕМІН, БАУЫРЫМ!
Қанат Ескендір
Фейсбуктегі парақшасынан
Комментарий