Саясат | Политика

Марат Нұрғожин цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі атанды

Марат Рахмалыұлы Нұрғожин цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі қызметіне тағайындалды деп хабарлайды премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Марат Нұрғожин 1957 жылы 30 маусымда дүниеге келген.

1980 жылы Н. Бауман атындағы Мәскеу жоғары техникалық училищесін бітірген.

Еңбек жолын 1980 жылы бастаған.

Түрлі жылдары Қарағанды политехникалық институтында, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде, білім және ғылым министірлігінде, «Самғау» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» АҚ жұмыс істеген.

2016–2019 жылдары қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі қызметін атқарған.

Комментарий