Талқыдағы тақырып

Ұлттық сана жоғалса, ұлт жоғалады

“Қазақ тілі, әдебиеті тарихы, түріктану мамандығын құрту- ұлтты құртумен тең. Бұл елдігімізге жасалып отырған шабуыл! Мемлекетімізге төнген қауіп. Бұл пәндер жоғалса, ұлттық сана жоғалады. Ұлттық сана жоғалса, ұлт жоғалады. Арғы жағы Америкалық ұлт…

Бұған дейін бірсыпыра түрік жұрағатын жұтқан сценарий қазаққа да жыланша жылжып келеді. Шекспир сұрағы: Бар болу, иә жоқ болу- қазақ ұлтының басына да төніп келеді.

Сырт күшке керегі қазақ елі емес, қазақ ұлты емес, бағзыдан қазақ отанына балаған- қазақ жері. Қазақ жері құрыса –қазақ елі ұлтсызданады, құриды.
Ұлт қансорпасы қайнамасын десек, ұлт азаматтары, тіпті, тіліне қарамай түп-түгел оянуы керек. Ол аз. Бастау тарихы бір, қаны бір, тағдыры ұқсас түрік ұлт ұлыстары түп-түгел ынтымақ, бірлікке келуі керек.”

Бұл менің әлгі пәндерді Оқу бағдарламасынан алып тастаған мондыбас министрге кезінде жазған пікірім. Әлі де осы пікірдемін!

Қосарым: орта, жоғары оқу орындары, қазақтілді емес мектептердің бәріне-бәріне қазақ тілі мен әдебиеті, қазақ[ қазақстан] тарихы міндетті болып бағдаламаға енуі керек. Халықаралық оқу орнына тіпті міндетті болсын!

P.S. Министрдің құлағына!

Құлбек Ергөбектің әлеуметтік желідегі жазбасы

Комментарий