Қоғам | Общество

Мектеп пен балабақшадағы мерекелік шаралар қысқартылды

Бұл туралы Zanmedia.kz  Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Осы дерттен сақтану үшін мектеп пен балабақшадағы мерекелік шаралар қысқартылды. Бұл елордаға қатысты талап. Қалалық білім беру басқармасы мұның себебін де түсіндірді.

Дәл қазір жедел жұқпалы респираторлық вирусты инфекцияның өршіп тұрған кезі. Сондықтан 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесін өткізуге жоспарланған кейбір салтанатты жиындар болмайды.

Алайда бұл балғындар мейрамды тойламайды деген сөз емес. Жоспар бойынша өтеді. Бірақ 60-тан 200-ге дейін адам жиналатын шаралар тоқтайды. Сондай-ақ кейбір балабақшалар мен мектептерде балалар маска киіп келсін деген талап та қойылып жатыр.

Комментарий