Қоғам | Общество

Біртановтың «Б» жоспары қандай?

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елімізде коронавирус  Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифингте қазақстандықтардың денсаулығына жауапты министр коронавирусқа дайынбыз деген сыңай танытып, вирус ел ішінде анықталса біздің «Б» жоспарымыз бар деп мәлімдеді. Бұл не қылған жоспар деп сондағы елдің елең ете қалғаны рас.

«Ең бастысы – елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған адам анықталған жағдайға дайын болу. Ол тұрғыда бізде «Б» жоспары бар. Ол жоспар әзірленіп, барлық мемлекеттік органмен мақұлданды. Бұл жоспардың негізі – Қазақстан аумағында инфекцияның таралуын барынша шектеу. Қазіргі уақытта барлық мемлекеттік органмен, әкімдікпен тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр», – деді.

Ол Қазақстан не тағы басқа мемлекет болсын вирус барын анықтаған жағдайда таралып кетудің алдын алатыны белгілі жайт. Оны тіпті «Б» жоспары деуге де келіңікіремейді. Екінші жоспар деп бөлектеп алсақ Қазақстандағы «А» жоспарына Біртановтың күдігі бар сыңайлы.

«Дүрбелеңге берілудің ешқандай негізі жоқ. Бізді алаңдатып тұрған негізгі проблема – жалған ақпараттардың таралуы. Сол себепті барлық ақпаратты тек министрліктің ресми сайтынан бақылап отыруды өтінемін», – деді министр.

Алайда, Алматыдағы белгілі бір ауруханада вирус күдігімен ондаған қытайлықтың жатқаны жайлы бейресми дерек бар. Егер аталған дерек расқа айналса Біртанов «С» жоспарын дайындап қоймады ма деген күдік бар.

 

Комментарий