Саясат | Политика

Үмітсіз қазақ қазақ емес: Түркия Путиннің түбіне жете ме

Тоқаев ешкімді аямай коррупциямен күресті күшейтсе екен. Сосын қазақ тілінің рөлін көтеріп тастаса ғой…

Түркия мен Ресей өзара араз. Түркия НАТО-ның мүшесі. Батыс альянсы Түркияны қолдайды, дейді ғалым Әзімбай Ғали.

Сирияда Асад отбасының шиитер (алавит сектасы) билеп отыр. Сауд Арабиясы және көптеген суннит мемлекеттері Сирия басшылығының әрекеттеріне жиіркенішпен қарайды.

– Араб мемлекеттері сунниттер болса да, сунниттік Түркия саясатына қауіптене қарайды, себебі олардың көбі Осман империясының отары болған. Ал Түркия өзі сол елдерге патрон, “қамқоршы” болғысы келеді. Путиндік Ресей барлық посткеңестік елдерден ықпалынан айырылса әлі де өзін Ұлы держава сезінгісі келіп, геосаясатқа араласқысы келеді. Сол мақсатпен АҚШ-пен және Европалық Одақпен, НАТО-мен тайталаспақ. Ресейдің бүгінгі күнгі геосаяси айбары мен абыройы түсіп барады: орыс жұртшылығын қорғаймын деп Украинадан Қырым түбегін тартып алып, Донбасс пен Луганск өлкесіне әскер кіргізді. Есесіне Батыс елдерінің санкцияларына ұшырады. Енді посткеңестік мемлекеттер де Ресейден қауіптенетін болды. Ресей Сирияны қолдаймын біраз әскер шығындарына ұшырады. Тек Дар Аз-Зор маңайында 200 Ресей солдаты мерт болды. Одан кейін де шығындар болып жатыр, – деп пайымдайды пост авторы.

Бір жақсысы, Қазақстан әскері ОДКБ мүшесі ретінде авантюраларға бармаған.

– Енді Ресей мен Түркияның Сирия Асад режимін қорғауда текетіресі байқалады. Олар өзара соғыспаса болды. Мүмкін, біз екі тарапты татуластыру ісіне кірісеміз. Бізге қолайсыз жағдай – мұнай бағасының төмендеуі. Мұнайдан түскен қаржы миллиардерлеріміздің қалтасын қампайтып, салықтар арқылы жыртығымызды жамайтын. Сондықтан енді Астанада өтетін күнде жиындар мен саммиттер азаяр. Ресейдің Украинадағы әскери авантюрасы Путиннің бас ауыруына айналды және сол бас ауруы асқынып барады. Енді империяшыл Путин Қазақстанға әскери шабуыл жасамас деген ойдамын. Ал Қазақстаннан Ресейге орыс жұртшылығы көшуді тоқтатар емес: 1990 жылдары 300-410 мың жылма жыл көшетін. Ал қазір 39-40 мыңнан аспайды. Орыс жұртшылығы өз ата мекеніне қайтып келуді аңсайды. Шынын айтсақ бұл үрдіс сепаратизм қауіпін сейілдірді. Бірақ Ресейде соңғы алты жылда экономика мен тұрмыс деңгейі стагнацияға ұшырады. Сол себептен болашақта Ресейге көшу азайуы ықтимал, – деп қосады ол.

Қазақстан экономикасы жылма жыл 3.9 – 4.1%-ға өсіп келеді. Біздің Ішкі Жиынтық Өніміміз Орта Азиядағы көршімізден 2,5 есе артық.

– Президент Тоқаев демократияға бетбұрыс жасамақ. Олай болса, коррупциямен күрес күшеймек. Қазақ тілінің рөлі көтерілмек. Қазақ 70% жетіпті. Қысқасы, тәтті қиялдар мен үміттер жоқ емес. Үмітсіз қазақ қазақ емес… Тәтті қиялдар мен үміттер де жоқ емес. Үмітсіз қазақ қазақ емес, – дейді Әзекең.

Комментарий