Құқық | Право

Кәмелеттік жасқа толмағандарға бейбіт шеруге шығуға рұқсат етілмек

Бүгін елордада «Қазақстан Республикасындағы бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заң жобасы талқыланды.

Заң жобасында митингіге қатысу үшін адам жасына шектеу қойылмайтыны айтылды.

“”Қатысушы” деген ұғымға қатысты жасқа байланысты шектеу жоқ. Енді бейбіт жиналысқа 18 жасқа толмағандар да қатысуы мүмкін. Жобада жасқа қатысты шектеу бар, біз сол шектеуді алып тастауды қарастырып жатырмыз”, – деді ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Есин.

Сондай-ақ, ол заң жобасынан алып тастаған кейбір міндеттемелер туралы айтты.

“”Бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы Қазақстанда бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру тәртібі туралы заңнаманы бұзғаны үшін бірнеше рет әкімшілік жазаға тартылған азамат бола алмайды” деген норма алынып тасталды. Сонымен қатар, бейбіт жиналысқа келушідер саны артып кеткен жағдайда жиналысты тоқтату керек деген міндеттеме де алынып тасталады”, – дейді ол.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі бейбіт жиналыстарға қатысушылардың саны туралы мәселені қарайтынын айтты.

«Мемлекет басшысы сұхбатында бейбіт жиындарға қатысушылардың санын 250 адам деп шектеу енгізу жөнсіз деп санаған болатын. Біз осы мәселе бойынша жұмыс істеудеміз. Бұл біз үшін тапсырма іспетті», – деді Дәурен Абаев.

Комментарий