Қоғам | Общество

«Бізде бар Балташ деген антивирус»: ақын Балтабек Нұрғалиев коронавирусқа қарсы дұға жазып шықты

Бұрынғы Президентті Құдайға теңеген жағымпаз ақын Балтабек Нұрғалиев коронавирусқа қарсы дұға жазып шықты.

Ол жан тебірентерлік өлеңін Facebook-парақшасына жариялаған.

КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ДҰҒА

Коронавирус! Коронавирус!

Тарай көрмесін далама вирус!

Тарай көрмесін қалама вирус!

Тарай көрмесін ауаға вирус!

Еліме менің жолама, вирус!

Елімді менің тонама, вирус!

Көз тігіп бізге қарама, вирус!

Тарама деймін, тарама, вирус!

Қаратүнектен жаралған вирус,

Әлемге біртін таралған вирус.

Адалдың жауы, атың өшкір-ай,

Түбірің сенің арамнан, вирус!

Біреулер үшін пайдасың, вирус,

Біреулер үшін айласың, вирус.

Тоқтатсын Алла, жоқ қылсын мүлде,

Есімің қанат жаймасын, вирус!

Жақсылық күтсін, жақсылық алда,

Амандық берсін, амандық жанға!

Коронавирус кесірден сақта

Адамзат үшін тілеймін, Алла!

Балтабек Нұрғалиев өлеңін аяқтаған соң, аты жаман індеттің бізге келмейтініне сенімді. Өйткені 50-ге жуық елге тараған коронавирус Президенттің сарабдал саясатының арқасында Қазақстанға жоламайды.

Комментарий