Қоғам | Общество

Полиция жүргізушілерді өткізбес үшін жолға жатып алды

Жолдың жабықтығына байланысты автотрассаға шығуға тырысқан жүргізушілерді тоқтату үшін полиция жүргізушілер жолына жатып алды.

Белгіленген шектеулер мен тыйымдарға қарамастан, бірқатар жүргізуші денсаулығы мен жолаушылардың өмірін қатерге тіге отырып, сапарын жалғастырмақ болады.

Оқиға Нұрсұлтан-Теміртау тас жолында орын алған. Видео Instagram әлеуметтік желісінде zhest_kz парақшасында пайда болды. Кадрда жүргізушілердің жабық трассаға шыққысы келгенін, бірнеше адамның жолдан патрульдік машинаны алып тастауға тырысатынын көруге болады. Оларды тоқтату үшін полицейлердің бірі жерге жатып алады.

«Мұнда ауа райының қолайсыздығы мен жаңбырдан кейінгі көктайғаққа байланысты «ҚазАвтоЖол» ҰК»АҚ 26 ақпанда сағат 20:45-тен бастап барлық көлік түрлерінің қозғалысына уақытша шектеу қойған.

Полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбағаны үшін екі «Газель» және «Hyundai» жеңіл автокөліктерінің жүргізушілері жауапқа тартылып жатыр. Жүргізушілердің біріне сондай-ақ, полиция қызметкерін көлігімен қасақана басуға тырысу айыбы тағылмақ.

«Оқиғаның басқа қатысушылары анықталды және олар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапқа тартылатын болады. 28 ақпанда сағат 13:00-де жол қозғалысына шектеу алынып тасталды. Қазіргі уақытта жол ашық», – деді ІІМ-нен.

Комментарий