Қоғам | ОбществоМәдениет | Культура

Түркістан еліміздің туристік орталығына айналмақ

Түркістан қаласы – тегі бір, тарихы ортақ түркі елдерінің түп қазығы. Қала жыл санап көркейіп келеді. Облыс орталығы болғалы қаланың көркі тіпті ашыла түсті. Түркістан исі мұсылман елдері үшін ғана емес, дүниежүзі халқы үшін де қадірлі мекенге айналған. Мұнда жыл сайын әлемнің түкпір-түкпірі мен еліміздің әр аймағынан 700 мыңнан астам адам келеді. Туризмді дамытып, саяхаттап келушілерге сапалы қызмет көрсету мақсатында жергілікті билік бірнеше жобаларды қолға алған.

Түркістандағы ірі әлеуметтік жобаны басым көпшілігі туристік саланы дамытумен байланысты. «Түркістан – облыс орталығы ретінде күннен күнге көркейіп, абаттанып келеді. Алдағы уақытта жаңа қала бой көтеретін болады. Түркістан – рухани әрі мәдени, экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан дамыған шаһарға айналмақ” дейді мамандар. Түркістанда ұлт өркениетінің салт-дәстүрі мен қолөнері сақталған, оны келешек ұрпаққа жеткізу үшін арнайы тарихи-мәдени, этнографиялық орталық та ашылған. Онда жүздеген көне жәдігерлер қойылған. Болашақта «Әзірет Сұлтан» қорық-мұражайы ашу, қала тарихынан сыр шертетін түрлі кітаптарды шығару да жоспарланған. Қазір шаһарда ашылып жатқан шағын және орта бизнес нысандарының сәулетіне де ерекше мән беріліп отыр. Ежелгі Сауран қалашығын ашық аспан астындағы музейге айналдырып, Үкаш ата мен Гауһар ана кесенесі сияқты нысандарға жол төселіп, инфрақұрылым жүргізіліп жатыр. Тағы 3 туристік орталық ашылмақ. Туристік бағыттарды кеңейту арқылы табыс көзін молайту жолдары да қарастырылуда. Сондықтан облыс орталығына алдағы уақытта туристік орталық ретінде қонақтар көп келетін секілді.

Комментарий