Талқыдағы тақырып

Ойлауға қорқасың…”Екі қырылған біздің азғантай ұлтқа бұл вирус тіптен қауіпті”

Гарвард университетінің эпидемиолог-ғалымы Марк Липсич жақын уақытта адамзаттың 70%-ы коронавирус жұқтыруы мүмкін дейді. Бұл 5,3 млрд. адам!

Медицинасы дамыған Оңтүстік Корея, Қытай, Италия мен Франция сияқты ірі мемлекеттер бұл індетпен күресе алмай жатқанда, біздің қолдан не келеді?! Ойлауға қорқасың… Өткен ғасырда аштықтан бір қырылып, соғыс пен репрессиядан екі қырылған біздің азғантай ұлтқа бұл вирус тіптен қауіпті.

Осы біз ештеңеге алаңдамай, қалай болса солай, бейқам жүрген жоқпыз ба?! Әрқайсымыз бір біріміздің алдымызда жауаптымыз. Шетелге шыққанда, өзге елдің азаматтарымен қарым-қатынас жасағанда сақтанып жүрейікші. Құдай баршамызды сақтасын! Осы постымды таратыңыздаршы, айтылған ой әр қазақтың көкейінде жүрсін.

Akberen Elgezek (facebook парақшасы)

Комментарий