Шоу бизнес

Джеки Чанның коронавирус жұқтырғаны рас па – оқиғаның мән-жайы

Джеки Чан коронавирусқа қарсы дәрі-дәрмек ойлап тапқан адамға 1 миллион юань беремін деп мәлімдеген болатын

Бірқатар БАҚ-та танымал актер Джеки Чан  коронавирус жұқтырды деген күдікпен карантинге жабылды деген ақпарат тарады.

Дабыл қаққандардың айтуынша, Джеки Чан қатысқан сауық кештерінің бірінде болған 48 жастағы полицей коронавирус жұқтырған. Демек ол жиынға қатысқанның бәрі карантинге жабылуы керек.

“Полиция қызметкерінің 59 әріптесі вирус жұқтыруы мүмкін деген қауіппен карантинге жатқызылған. Ал 48 жастағы полицейдің отбасы мүшелерінің вирус жұқтырғаны белгілі болған”, – деп жазды Today Online.

Алайда актер ол отырысқа бармаған болып шықты. Ол басқа сауық кешінде қонақ болған. Полиция қызметкері мен Джеки Чанның бір жерде болмағаны анықталды.

 

Актер коронавирусқа шалдықпаған. Бұл оның беделін түсіру үшін жасалған.

Актер осыған дейін коронавирусқа қарсы дәрі ойлап тапқан адамға 1 миллион юань беруге уәде берді. Бұл шамамен 54 миллион теңге немесе 142 мың доллар.

“Коронавирусқа қарсы дәрі жасап шығу ғылым мен технологияның күшіне байланысты деп ойлаймын. Сондықтан ғалымдардың мұндай дәріні барынша жылдам ойлап табатынына сенемін”, – деген еді актер.

 

 

 

Комментарий