Мәдениет | Культура

Заитов Дулат Ақәділге өлең арнады

Белгілі айтыскер ақын Ринат Заитов Дулат Ақәділге өлең арнады.

Заитов өлеңін инстаграм парақшасында жариялады.

«Еліме кішкентай болса да пайдам тисе екен деп жүрген, еш жазықсыз, алты баланың әкесі Дулат Ақәділ де жауыздардың саяси ойынының құрбаны болды. Өкінішті….», – деп жазды Заитов.

Ары қарай ақынның Дулат Ақәділге арнаған өлең жолдары жазылған.

Халықты оңай алдай алатындар,
Аруаққа қара дақ жағатындар,
Соқыр, мылқау , саңырау, жүрексіздер,
Түк білмей, түк естімей қалатындар
Жек көремін сендерді!

Жазықсыға жүз жала жабатындар,
Өз ұлтына ұялмай шабатындар,
Төресінің көңілін табу үшін
Өз туысын өлтіре алатындар,
Жек көремін сендерді!

Ал қамаңдар, сабаңдар, ал атыңдар
Жұртты жазықты қыла салатындар
Қай дүниеде екенін Құдай білер
Бәріңнің жауап берер сағатың бар!
Жек көремін сендерді!!!

Комментарий