Бас тақырып | Тема дняСаясат | Политика

Министр Тоқаевты әуежайда неге Путиннің күтіп алмағанын түсіндірді

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге жасаған алғашқы ресми сапарында оны Мәскеу әуежайынан неге ресейлік СІМ мемлекеттік хаттама департаментінің басшысы күтіп алғанын түсіндірді.

Бұл туралы шенеунік “Хабар” телеарнасындағы “Открытый диалог с Дауреном Абаевым” бағдарламасында айтты.  “Нақты бұл жағдайда пікірталас жасаудың қажеті жоқ. Кей БАҚ-тың журналистері күтіп алушылар арасында Ресей сыртқы істер вице-министрі Александр Панкиннің де болғанын айтпаған соң осындай шу шықты. Бұл жерде мен маңызды бір нәрсені түсіндіре кеткім келеді. Дипломатияда сапарлар мемлекеттік, ресми, жұмыс және бейресми болып бөлінеді. Әрқайсысының өз хаттамалық ерекшеліктері бар, одан бас тартуға болмайды. Кеше ресми сапар болды, мұндайда елшілер мен хаттамалық қызмет басшылары күтіп алады. Біз де солай жасаймыз. Ал ресейлік тарап СІМ министрінің орынбасарын да жіберген, бұл қонаққа деген үлкен құрметті көрсетеді.  Мемлекет және үкімет басшылары басқа елдердің президенттерін тек мемлекеттік сапар кезінде ғана күтіп алады”, – деді Абаев.

Комментарий