Тағдыр | Судьба

5 балалы жалғызбасты ана жертөлені пана етуде

Осы күнге дейін жертөлені мекен етіп келген жалғызбасты анаға жәрдем керек. Былтыр құрылыста жұмыс істеп жүрген күйеуі 3-қабаттан құлап қайтыс болған Ұлжалғас Таңатарова 5 баласымен жертөлені паналап отыр, деп хабарлайды Baq.kz порталына сілтеме берген zanmedi.kz.

Кезінде вагонда 4 жыл тұрған. Көпқабатты үйден пәтер жалдауға барса, балаларымен кіргізбейді. Әр есікті қағудан амалы таусылған жас ана 5 баласы үшін бір бөлмелі үй тілейді.

Бүгінгі кейіпкеріміз енесі мен келіні. Жылғыз ұлының орнын басқан келіні мен артынан тұяқ болып қалған бес баланың әжесі Жайдаркүл Мұсақұлова ұлының “жұмбақ өліміне” байланысты қанша жерге барғанымен, жазған арыздары жауапсыз қалған.

– Таңертең жұмысқа кеткен балам оралмады. 3-қабаттан бетонмен құлаған дейді. Хабарын айтып кешкі 9-да келді. Жерлеуіне 300 мың теңге берді. Жалғыз ұлымнан айырылып, есеңгіреп қалдым… “Нұр Отанға”, Ішкі істер министрлігіне арыз жазып бардым. Тергеушілерге, Бас прокуратураға бардым. Ешқандай нәтиже болмады… Арқасында 5 баласы қалып отыр, – деп зар жылаған Жайдаркүл Мұсақұлова бес немересінің денсаулығын уайымдайды.

Себебі жертөледе тұрып жатқан балалардың жөтелі тоқтар емес. Жиі ауырып, дәріні көп ішеді. Сыйластығы жарасқан келін мен ене 5 баланың жылы үйде өскенін армандайды.

Комментарий