Елең еткізер | АктуальноҚұқық | Право

Тұрғымбаев: Митингіде ұсталған 53 адамның 10-ы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Қазақстанда митингіде ұсталған 53 адамның 10-ы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп мәлімдеді ҚР ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев. Бұл туралы ҚазТАГ хабарлады.

 «22 ақпанда Бас прокуратураның бірнеше мәрте жасаған ескертуіне қарамастан еліміздің кей қалаларында кейбір азаматтар санкцияланбаған митингіге шықты. Сол себепті құқық қорғау органдарының күшімен қоғамдық тәртіпті бұзуға және санкцияланбаған митингілерге жол бермеу шаралары қабылданды. Нәтижесінде 53 адам ұсталды, оның 10-ы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 43 азамат профилактикалық тілдесуден кейін үйіне қайтарылды. Негізінен (ұсталғандардың көбі – ҚазТАГ) Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан», – деді Тұрғымбаев.

Комментарий