Елең еткізер | АктуальноҚоғам | Общество

Алматылық ата-аналар Сағынтаевқа шағымданамын деп опық жеді

Алматы әкімінің халыққа есеп беру жиынында жас спортшылардың ата-аналары жаттығудың қымбат екеніне шағымданды

Қазақстанның мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Алматыда хоккейші балалардың секциядан шығарылуына қатысты проблеманы шешуге уәде берді, деп хабарлайдыZanmedia.kz Sputnik Қазақстан- ға сілтеме жасап. Бұған дейін олардың ата-аналары жаттығу ақысының қымбаттығы туралы мәселе көтерген болатын.

Өткен аптада хоккейші балалардың ата-аналары мен “Алматы Аренада” жұмыс істейтін жеке секциялардың басшылығы арасында дау шықты.

Қала тұрғындары Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевқа “Медведи” хоккей клубында жаттығу ақысы күрт қымбаттап кеткеніне шағымданған, енді сол үшін олардың балаларын командадан шығарып жіберіпті. Секцияға бару құнын 30 мыңнан 38 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланған.

Министр бірнеше жыл бұрын ірі спорт нысандарын қаржыландыру және басқару құзыреті министрліктен әкімдіктерге берілгенін атап өтті.

“Спорт нысандары кәсіпкерлерге пайдалануға берілген кезде, олар бұқаралық спорт түрлері халыққа қолжетімді болу үшін жағдай жасауы тиіс. Шындығында ережелер мен заң бұзылып жатыр”, – деді министр мәжіліс кулуарында.

Ақтоты Райымқұлова қазір ведомствоға тұрғындар тарапынан көптеген шағым түсіп жатқанын айтты. Себебі жеке компаниялар шарттарды орындамайды.

“Сондықтан, әрине, осыған байланысты біз нормаларды қайта қарау мәселесін шешеміз. Алматы әкімдігімен сөйлесіп, шешім қабылдаймыз”, – деп толықтырды мәдениет министрлігінің басшысы.

 

Секция басшылығы мен алматылық ата-аналардың арасындағы жанжал туралы балалар омбудсмені Аружан Саин да пікір білдірді. Ол Бақытжан Сағынтаев пен Алматы спорт басқармасы басшысынан мемлекеттік сатып алулар мен бюджеттің нақты шығындары туралы есеп жариялауды сұрап, әкімдіктің Almaty Arena мен Halyk Arena басқаратын жеке ұйымдармен келісімшарттарын тексеруді талап етті.

Комментарий