Қоғам | Общество

Қарағандыдағы жүк көліктер қоятын ғимарат өртке оранды

Тілсіз жаумен күреске Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің жеке құрамынан 65 адам мен 17 техника жұмылдырылды.

Бүгін Қарағандыдағы жүк көліктері тұратын бокста өрт шығып, салдарынан тілсіз жау 2000 шаршы метр аумақты шарпыды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

22 ақпанда сағат 17: 04-те Қарағанды қаласының Октябрь ауданында өрт пайда болғаны туралы хабар келіп түсті. Байжанов шахтасының маңында жүк көліктеріне арналған бір қабатты бокс жанған. Ғимараттың шатыры мен ішіндегі 7 жүк көлігі жанып, 2000 шаршы метр аумақта төбенің құлауы орын алды.

«19 сағат 04 минутта өрт сөндірушілер өртті толықтай жойды. Тілсіз жаумен күреске Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің жеке құрамынан 65 адам мен 17 техника жұмылдырылды. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Өрттің алдын ала себебі – пеш жабдығының ақаулығы», – деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Комментарий