Саясат | Политика

Президент маңызды кадрлық ауыс-түйіс жасады

Дархан Кәлетаев ҚР-ның Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев маңызды кадрлық ауыс-түйіс жасады. Ол жарлық шығарып, бірнеше лауазымды қызметкерлерді жаңа қызметке тағайындады.Бұл жайлы Ақорданың ресми сайтында ақпарат жарияланды.

Мемлекет басшысының Жарлықтарымен: Дархан Аманұлы Кәлетаев Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды.

Ал Самат Исламұлы Ордабаев Украинадағы Қазақстанның Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен және Молдова Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі міндетін қоса атқарушы қызметінен босатылды.

ҚР Иордан Хашимиттік Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Тұматов Айдарбек Ануарбекұлы Қазақстан Республикасының Ирак Республикасындағы, Палестина мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалып отыр.

Комментарий