Қоғам | Общество

Қазақстанда тағы бір қаржы пирамидасы әшкереленді: 40 адам зардап шекті

Қазақстанда тағы бір қаржы пирамидасы әрекет еткендігі белгілі болды. Оның ұйымдастырушылары азаматтарды 60 миллион теңгеге алдап кетті. Органға ұйымның алаяқтық іс-әрекетінің құрбаны болған 40 адам жүгінген.

Оқиғаның мән-жайын прокуратура “Хабар 24” тілшісіне баяндады.

Алматы облысы прокурорының көмекшісінің айтуынша, іс-әрекет сызбасы осыған ұқсас ұйымдар үшін үйреншікті болған. Адамдар ұйымға қатысушы болу үшін 200-300 мың теңге төлеуі тиіс болатын.

Азаматтарды агрессивті жарнамамен тартып, салымның сомасынан бірнеше есеге асатын табысты уәде етті. Адамдарға ұйымның жаңа қатысушыларынан ақша түседі деп айтылған дейді прокуратура.

Облыс тұрғындарының бірінің арқасында алаяқтық ұйымды анықтау мүмкін болды. Ол прокуратураға жүгінді. Құқық қорғау органдарында алаяқтардың құрбандары 40 адам емес, одан да көп болуы мүмкін деп санайды.

Прокуратура мәліметтері бойынша, өткен жылы ұқсас қылмыстар бойынша 8 іс тіркелген. Олардың жартысынан көбі сотқа жіберілді.

Естеріңізге сала кетейік, айдың басында 10 мыңнан астам адам құрбан болған қаржы пирамидаларының қызметі Ақтөбеде тоқтатылып қалған болатын. Пирамиданы ұйымдастырудағы күдіктілер қамауға алынды.

Комментарий