Қоғам | Общество

Батыс Қазақстанда бірнеше есірткі саудалаушы ұсталды

«Орал қаласының тұрғыны аса ірі көлемдегі есірткімен ұсталды», – деп хабарлайды Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінен.

1970 жылғы тұрғынның мекенжайынан табылған есірткі сараптама қорытындысына сәйкес кептірілген марихуана болып шықты. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 4 кг-ға жуық. Күдіктіге қатысты ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігіне сәйкес (аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл бап бойынша күдіктінің айыыбы дәлелденсе 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады.

Сонымен қатар, осы өңірде 1985 жылғы әйел есірткі затын саудалау сәтінде қолға түсті. Сараптама қорытындысына сәйкес одан алынған зат 0,1800 грамм синтетикалық есірткі болып шықты. Сондай-ақ, полицейлер 1999 жылғы тұрғынды да есірткімен ұстаған. Ол ер адамға 0,0170 грамм альфа-пирролидиновалерофенон есірткі затын сатқаны үшін тұтылды. Аталған күдіктілерге ҚР ҚК 297-бабы 1-бөлігіне (есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) сәйкес айып тағылып, сот үкімімен мүлкін тәркілеуге және 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілуі мүмкін.

Комментарий