Құқық | Право

Автобус жолағына шығатындар көп

Алматы полициясы автобус жолағына шыққан көліктерді бақылау үшін рейд жұмыстарын жалғастырмақ.

 Жыл басынан бері мұндай құқықбұзушылықтың көпшілігі Абай даңғылында – 322 рет, Төле би көшесінде – 301 рет, Райымбек даңғылында 790 рет тіркелген. «Негізінде қалалық полиция экипаждары қоғамдық көлік жолағына шығу туралы құқықбұзушылықтарды үнемі бақылауда ұстап отырады.

Көбінесе жүргізушілер Абай, Райымбек, Төле би көшелеріне көп шығады. Тіпті автобус жолдарында көлігін қойып қоятындар да бар. Бұл жол қозғалысына кері әсерін тигізеді», – деді қалалық полиция департаментінің жергілікті полиция қызметінің командирі Манап Саттаров.

Комментарий