Экономика

Кәсіпкерлер айыппұлдың 50 пайызын ғана төлейді

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті енді заңды бұзғандығын мойындаған және айыппұл төлеуге келіскен адамдардың Қазақстан Республикасының Кодексінде қарастырылған айыппұл сомасының 50 пайызын ғана төлей алатындығын хабарлады.

 Осы норманың жалғыз шарты хабарламаны алған (тапсырған) күннен кейінгі күннен бастап 10 тәулік күн ішінде айыппұл төлеу көзделген.

Кодексте әкімшілік айыппұлдың мөлшерін азайтуға қатысты жоғарыда аталған нормалар қолданылмайтын бұзушылықтар қарастырылған;

1 . Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасын бұзу, сондай-ақ мемлекеттік жәрдемақылар төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау;

2 . Қазақстан республикасының Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасын бұзу;

3. Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасын бұзу;

4. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген төлемдерді жүргізу жөніндегі шектеулерді бұзу;

5. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомасын төмендету;

6. Салық есептілігінде көрсетілуге жататын салық салу объектілерін және өзге де мүлікті жасыру;

7. Салық агентінің салықтарды ұстау немесе аудару жөніндегі міндеттелді орындамауы;

8. Жалған счет-фактура жазып беру;

9. Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы Қазақстан республикасының заңнамасын бұзуы;

10.Уәкілетті экономикалық оператордың кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыру тәртібін бұзуы;

11. Қолма-қол ақшамен, ақша құралдарымен тауарларды декларацияламау немесе дұрыс емес кедендік декларациялау, кедендік құжаттардағы мәліметтердің дұрыс берілмеуі.

Комментарий