Әлемде | В мире

Шіркеуге барып, коронавирус жұқтыруда

Оңтүстік Кореяда коронавирус жұқтырған тағы да 52 адам анықталды. Қазір бұл дертті жұқтырғандар саны 156 адамға жетті.

Бұған дейін Оңтүстік Корея мемлектінде 104 адамнан вирус белгілері табылғаны. 16 адам жазылып шыққан, 139 адам емделуде, 2707 адам бақылауда екендігі айтылған.

Корей денсаулық сақтау министрлігінің есебінше, соңғы дерек бойынша ауру жұқтырған 38 адам Тэгу қаласының тұрғыны, қалғандары елдің басқа аймақтарынан. Анықталғанындай, адамдардың көбі елдегі Иса Шіркеуі деп аталатын жаңа діни «Синчхонжи» нанымы бойынша мінәжатқа барғандардан ауру белгілері көптеп табылуда. Кореяда «Синчхонжи» сенімін 120 мыңнан аса адам ұстанады.

Шіркеу уақытша жабылған.

Комментарий