Талқыдағы тақырып

Сол 425.000 теңгенің барлығын біздің xалық балаға жұмсамайтынын сезіп отырмын.

«425 МЫҢ ПРОБЛЕМА»

Денсаулық министрі Yelzhan Birtanov мырза, аяғы ауыр әйелдерге 425.000тг беруін қарастырып жатырмыз дейді. Қазақстанның нәзік жандыларын қолдап, демографияға дүмпу болатын іс екенін мойындаймын. Алайда …

Сол 425.000 теңгенің барлығын біздің xалық балаға жұмсамайтынын сезіп отырмын. Біреу кредит жабады, біреу сол ақшаға той жасайды, біреу сол ақшаға үйінің ремонтына жібереді. Қазір сол 425.000 теңгені ресми түрде қабылдаса, біздің елде “бэби-бум” болатыны сөзсіз. “425 мыңсыз да өмір сүрдік қой!” деп 5-6-7 баланы тудырып, сол 2-3 миллион теңгенің шетін де балаларына көрсетпей кететін отбасылар шығатынын білемін.

Кейде, “біздің қоғам баюға да дайын емес пе?” деген ой келеді. Бірақ жалпы келгенде, егер шынымен балаларға ғана жұмсалса, онда бұл игі іс екені айдан анық.

Samat Nordman Nurtaza

фейсбуктегі парақшасынан

Комментарий