Қоғам | Общество

Бердібек Сарпарбаев «дәрігерлердің мәдениеті, сана-сезімі, этикасы өте төмен» екенін айтты

«Ешқандай бюрократия, «Ертең кел, арғы күні кел» деген болмауы керек», – дейді әкім.

Қазақстанда медицина саласына мемлекеттік тұрғыдан бар жағдай жасалып жатқанмен, «ақ халатты абзал жандардың» соған сай қызмет көрсетіп жүргені сирек. Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев халық алдындағы есеп беру жиынында айтты.

Облыстың жаңа әкімі денсаулық сақтау саласы мәселелерін алға тартып, қызметінің сапасына тоқталды. Оның пайымынша, еліміздегі денсаулық сақтау саласы қамқорлықтан кенде емес. Алайда, медицина қызметкерлерінің мәдениеті, сана-сезімі, этикасы өте төмен.

«Бұл жөнінде талайдан бері айтылып жүр бізде. Енді осы проблемамен жұмыс істеуіміз керек. Менің дәрігерлерге айтарым, сіздер Гиппократ антын қабылдадыңыздар. Ешқандай бюрократия, «Ертең кел, арғы күні кел» деген болмауы керек. Сіздің алдыңызға науқас келді ме, алғашқы дәрігерлік көмекті көрсетіңіз. Сол себептен, ең үлкен жұмысты осы салада істейміз», – деді Бердібек Сапарбаев.

Комментарий