Қоғам | Общество

Алматыда электр тоғы неге жиі өшеді?

Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаев есеп беру кездесуінде жарықтың жиі өшіп қалуы туралы сауалға жауап берді.  

«Барлық иесіз жатқан желілер коммуналдық меншікке қабылданады. Сегіз ауданның алтауы бойынша жұмыс аяқталды, қалған екі ауданда жұмыс жалғасады. Мұнда барлық мәселелер сот арқылы шешіледі», – деді әкім Б. Сағынтаев.

Жалпы, бүгінде 544 иесіз нысан Алматы қаласы әкімдігінің қаулысымен қала балансына берілген.

Комментарий